Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз аймақтар қатарына жатады.

Жыл сайын облыс бойынша табиғи ошақтарда  ауыл шаруашылық малдары, мал қоралары мен буферлік аймақтарда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. «Энзоотиялық» аурулардың алдын алу мақсатында кенеге қарсы  ірі қара мал, жылқы, шошқа, уақ малдар, қора жайлар және буферлік аймақтарға көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар “Ұлттық сараптама орталығы” облыстық филиалымен қолайсыз елді мекендердің санитарлық қорғау аймағында залалсыздандыру жұмыстарын жасау тұрақты.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 4 және 6 күндері аралығында Тереңөзек кенті бойынша кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус қоздырғышынан туындайтын аса қауіпті жұқпалы ауру, науқас дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген жағдайда, өлім жағдайына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының негізгі клиникалық көріністері: инкубациялық кезең (ауру қоздырғышын жұқтырғаннан-аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім) 1-14 күнге дейін созылады, бұл кезеңнің ұзақтығы вирусты жұқтыру жолына байланысты болады.
Аурудың алғашқы белгілері дене қызуының кенеттен 39-40 0С дейін көтерілуімен, қатты бас ауыруымен, көздің қызаруы, бет, мойын және дененің жоғарғы бөлігінің қан кернеуімен және мойын, арқа, белдің ауыруымен, лоқсу немесе құсу, іш ауыруы немесе өтуі, ал ауру одан әрі дамыған жағдайда денеде бөртпелердің пайда болуы, мұрыннан, қызыл иектен, жатырдан, асқазаннан қан кету белгілері, ине енгізу орындарында қанталау (гематомалар) белгілерінің байқалуымен сипатталады.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қалай жұғады? Негізгі жұқтырушы және ауру қоздырғыштарын тасмалдаушы кене, сонымен қатар жабайы және үй жануарларының ағзасында да ауру қоздырғыштары болады. Адамның ауруды жұқтыруы жұқпаланған кенемен қатынаста немесе кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде немесе мәйіттің қанымен, сұйықтығымен және ағза бөлінділерімен ластанған медициналық құралдар арқылы жанама байланыс арқылы жұғуы мүмкін.
Табиғи ошақтарда орналасқан тұрғындар малдарды күтіп қарағанда және қырқым кезінде кенелердің шабуылынан және кене қанымен жанасты болдырмау мақсатында жеке қорғану үшін арнайы киім кию қажет (қалпақты комбинезон, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу, жақсы қорғалған аяқ және бас киім, резіңке колғап).
Табиғатқа демалысқа шыққанда кененің жабысқаны көрінетін ашық түсті жақсы қорғалған резеңкелі манжетті жеңі ұзын көйлек кию қажет. Денеге кененің жабысқанын тексеру үшін өзіңіз және өзіңізге байқалмайтын орындарды (мойын, бастың шаш бөлігі, дененің артқы жағы т.б.) бір-біріңіздің үстеріңізді мұқият қарап отыру қажет. Дененің ашық жерлеріне және киімге кенелердің шабуылынан қорғайтын немесе оны өлтіретін арнайы сақтану құралдарын қолдану қажет.
Кене шаққанда немесе кенемен жанаста болу арқылы аса қауіпті инфекцияны жұқтыру мүмкін болғандықтан, өзіңізді және өз жанұяңызды қорғау үшін міндетті түрде жеке басты қорғау, сақтану құралдарын пайдаланыңыз!
Кене шаққан немесе кенемен жанаста болған жағдайларда міндетті түрде медициналық ұйымға қаралуыңыз және 14 күн медициналық бақылауда болуыңыз қажет.

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒЫ 16 ТАМЫЗДА ҚАЛАДА КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ.
СОНДЫҚТАН ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ІРГЕЛЕС АУМАҚТАРҒА, МАЛ ҚОРА-ЖАЙЛАРҒА МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҮРГІЗУ, ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕРДЕН ҚИ ШЫҒАРУ, ЯҒНИ КЕНЕЛЕРДІҢ КӨБЕЮІНІҢ ЖӘНЕ АДАМДАР АРАСЫНДА КҚГҚ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА САПАЛЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ СҰРАЙМЫЗ.

Анықтама үшін:

БӨЛІСУ