“Шаған-жер” серіктестігіне қарасты №6 өндірістік егіс бригадасында күрішке орақ түсті. Дала диқандарының маңызды күніне аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев арнайы келіп, егіншілерге сәттілек тіледі.
Мұнан соң аудандық мәслихат депутаты Әбдікәрім Серікбаев сөз сөйлеп, биылғы маусымдағы егістіктің жай-күйіне ерекше тоқталды.
— Шаруашылық қызметкерлері егінді төкпей-шашпай жинап, мол астықты жинауда үлкен ниеттеміз. Егінші күнде арманда, демекші қазіргі кезең диқандар үшін маңызды уақыттың бірі. Серіктестік биыл 2 900 гектар алқапқа алтын дән орналастырды. Техникалық базамыз нығайып, егінді жауындарға қалдырмай жинап алуға мүмкіндік бар. Бүгінгі дала еңбеккерлерінің мерекесі құтты болсын,- деді Әбдікәрім Серікбаев.
Сонымен қатар «Углесбыт» серіктестігінің басқарушысы Фатима Расулқызы ауыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтады. Мұнан соң еңбек ардагерлері Төлеп Мыханов, Зұлқарнай Тасбергенов, Ертай Балапанов, Болат Ермаханов, Қабылбек Бөжеков, Жүсіпбек Райымбековтер тілектестіктерін білдіріп, ақ батасын берді.
Есепті кезеңде ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артты.
Ауданда 34 253 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде, күріштің көлемі – 21 852 гектар (63,8 пайыз. 2023 жылы 21811 га, 1959 га артық).
Анықтама ретінде:жаздық бидай 2368 га, арпа 40 га, мақсары 391 га, күнбағыс 40 га, тары 4 га, жаңа жоңышқа 1853 га, ескі жоңышқа 6903 га, картоп, көкөніс бақша барлығы – 802 га.
Суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында аудан бойынша 13 шаруашылық құрылымы 31 даназаманауи лазерлік жер тегістегіш техникасымен
3340 гектар жерге тегістеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жаңбырлатып суару әдісімен 40 гектар жерге күнбағыс, 10 гектар жерге жүгері, 50 гектарға бақша дақылдарын орналастырып, күтіп баптауда. Бүгінде егілген 2368 гектар бидайдың
1000 гектарынан 500 тонна өнім жиналды.