Сырдария аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ләззат Рысмаханқызымен жаңа оқу жылына дайындық барысына орай сұхбат.

Өткен оқу жылын қалай қорытындыладыңыздар?

2023 – 2024 оқу жылында Сырдария ауданы бойынша 1-11 сыныптарда 8193 оқушы білім алды (оның  1 сыныпта 754 оқушы). 11 сыныпты 442 оқушы бітірді, олардың Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқаны 365, орташа балл 83,2 балды құрап, мемлекеттік грант иеленгендер саны 342 оқушы (85 пайыз).

11 сынып бітірген барлық оқушы жоғары және арнаулы оқу орындарымен толық қамтылатын болады.

Білім сапасын арттыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарыңызға тоқталып өтсеңіз.
  Үш оқу жылының білім сапасы қорытындысына терең талдау жұмыстары жүргізіліп, рейтинг шығарылды. Нәтижесі төмен 5 мектепке ( №126, 130, 147, 174, 191) білім  сапасын арттыру мақсатында академиялық ұтқырлық (артықшылық) жобасы енгізілді. Жобаның мақсаты жоғары деңгейлі мектептердің директорлары мен орынбасарлар, педагогтарының  тәжірибесімен білім сапасы төмен мектептерге қолдау көрсету үшін бөлісу болып табылады. Білім сапасына жасалған талдау қорытындылары  бастауыш сыныпты аяқтап, негізгі буынға көшкен 5-9 сынып оқушыларының білім сапасының төмендеп кететіндігін көрсетіп отыр.  Бұл олқылықтарды шешу үшін төмендегі бағытта жұмыс жүргізілді. Біріншіден, 4 сыныпты аяқтайтын оқушылардан сәуір, мамыр айларында  математика, жаратылыстану, қазақ тілі пәндері бойынша бақылау жұмыстарын алып, мониторинг жүргізіледі. Қорытындысымен төмен нәтиже көрсеткен оқушыларға 5 сыныпта сабақ беретін мұғалімдер арқылы маусым және тамыз айларында жазғы мектептер ұйымдастырамыз. Пән мұғалімдері балалардың біліміндегі олқылықтармен нақты жұмыс жүргізетін болады. Екіншіден, білім бөлімі тарапынан білім беру сапасын сырттай бағалау мақсатында жаратылыстану-математикалық  және қазақ тілі пәндер бойынша   жылына 2 рет  қазан, наурыз айларында 4, 5, 7,  9 сынып оқушыларынан тест алынып, мониторинг жұмыстарын жүргізілді. Қорытындысы бойынша қиындық тудыратын тақырыптар анықталып,  пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жеке дайындық жұмыстары жүргізілді.  Осы тұста, оқу ағарту-министрлігі ұйымдастыратын білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеу (МОДО) шарасының маңызы зор.  Қорытындыларымен пәндер бойынша білім сапасындағы олқылықтармен жұмыс жүргіземіз.2023 жылы  3 мектеп қатысса ( №35, 36, 37), биылғы жылы 6 мектеп (42, 130, 137, 147, 174, 191) қатысты.

Сонымен қатар, мектептерге әр түрлі бағыттағы жобалар ендіріліп, жүзеге асырылуда.

«Тірек білім беру ұйымдары» ретінде: «Бағдарламалау мектебі» жобасы – №137 орта мектебіне, «Жасыл мектеп» жобасы – №36 мектеп-лицейіне, «Химия-биологиялық талдау зертханасы» жобасы – №37 мектеп-лицейіне, «Мектеп обсерваториясы» жобасы – №44 орта мектебіне, «Кәсіпкерлік мектебі» жобасы – №36 мектеп-лицейіне, «Отбасылық тәрбие мектебі» жобасы – №191 орта мектебіне, «Ғылыми бағдар беру шеберханасы» жобасы – №42 мектеп-лицейіне, «Балалар кітапханасы» жобасы – №129 орта мектебіне, «Геотехнология» жобасы – №131 орта мектебіне, «ІТ математика» жобасы – №35 мектеп-лицейіне енгізілді.

Елді мекенде орналасқан білім беру ұйымдарының арасындағы байланысты нығайтып, білім сапасын арттыру мақсатында Тереңөзек кентінінен негізгі 1 білім беру округы құрылып, №36 мектеп-лицей базасында жұмыс жасауда. Құрамына  кенттегі 3 мектеп, 5 балабақша, 1 өнер мектебі топтастырылды. Сонымен бірге, 13 ауылдық елді мекендерден негізгі білім беру округы арқылы 13  ауылдық елді мекенде шағын білім беру округтары  құрылды.

Оқыту сапасы мен мектеп қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз етуші негізгі тұлға-ол мектеп директоры.

Білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес, директорлардың  да үздіксіз дамуы қажеттігін айқындап отыр. Мектеп директоры -мектептің бас ұстазы.

Осы орайда, директорлардың  инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында  облыстық білім басқармасының  бастамасымен «Бір мектеп – бір жоба» байқауы ұйымдастырылды.

Байқауда директорлар пәні бойынша  ашық сабақ көрсетіп, мектепті дамыту бағытындағы жобаларын қорғады.

«Бір мектеп-бір жоба!» байқауы әрі қарай жалғасын тауып, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткізілді.

Басқару процесін ұйымдастыруда, оқу-білім беру процесін дамытуда және жалпы білім беруді ұйымдастыруда мектептің дамыту бағдарламасының маңызы зор.

Қазіргі таңда әрбір мектепте білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламалары мен нысаналы индикаторлары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Білім сапасын арттыру, білім алушылардың оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында білім басқармасының 2024 жылғы 13 мамырдағы №57-нқ бұйрығына сәйкес ата-аналардың келісімімен барлық мектептерде Жазғы мектеп 27 мамырдан бастап ұйымдастырылды. Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыруда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымдары басшылыққа алынып жұмыс жасалуда.

Жазғы мектепке 8193 білім алушының 3809 қамтылды.

Оқулық мәселесін қалай шешіп жатсыздар?
Оқулық және оқу-әдістемелік кешендермен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, 25599  дана оқулықтарды сатып алуға облыстық бюджеттен 81654995 теңге қаражат бөлініп, 12 баспамен  (Мектеп, Атамұра, Келешек, Арман –ПВ, Көкжиек-горизонт, ЭДУ Стрим, ЦентрСАТР, Абай баспасы, Назарбаев Интеллектуалды мектебі)келісімшарт жасалды .Ағымдағы жылдың              23 тамызына дейін мектептерге толық таратылып берілді.
 Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қолдау қалай жүзеге асуда?

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру бойынша аудан әкімдігімен іс-шара жоспары бекітіліп, ведомоствалық бағынылыстылығына қарамастан барлық мекемелерге жолданды. Акция барысында көмек алатын балалардың базасы жасақталды. Аудан бойынша  2164 оқушы міндетті оқу қоры есебінен бір реттік қаржылай көмек ретінде 43407 теңгеден  93932,7 мың теңге қаржы берілді. Аталған қаржы ата-аналардың есеп-шотына түсті.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының демеушілігі есебінен 378 балаға 5115,0 мың теңге, «Аманат» партиясының жарнапұлы есебінен қайырымдылық көмек 50 балаға 500,0 мың теңге , аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ есебінен білім саласы қызметкерлерінің 80 (45 мектеп, 15 қосымша білім беру ұйымдары,               20 балабақша)  баласына 1280,0 мың теңге,  мектеп тарапынан 89 балаға 1105,0 мың теңге барлығы 101 932,7 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.Мектепке жол акциясы аясында көмек көрсету жалғасын табатын болады.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуда қана өзгешеліктер бар?
 2024-2025 оқу  жылында  жаңа модификацияланған кабинеттер  №147 орта мектебіне «Биология» және  «Робототехника» кабинеттері, №132 Т. Айтбаев атындағы орта мектебіне «Биология», «Робототехника», «Физика»  қабинеттері алынады.
6. Жайлы мектеп жобасы бойынша бір мектеп салынады деген. Құрылысы басталды ма?

1975 жылы өндірістік оқу комбинаты үшін салынған ғимаратқа  №210 О.Әбділпаттаев атындағы орта мектеп  орналастырылған. 250 орынға есептелген  ғимаратта қазіргі күні 439оқушы оқиды.  

Сырдария ауданының әкімдігімен Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары салынатын «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 300 орындық мектеп құрылысын» салу үшін қолданыстағы №210 орта мектебінің (ауласына немесе орнына) жер учаскесіне салу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2025 жылы мектеп құрылысы басталады.

Жаңа оқу жылына дайындықтарыңыз қалай?
Білім сапасын арттыру, білім алушылардың оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында ата-аналардың келісімімен барлық мектептерде Жазғы мектеп  жұмыс жасады. Жазғы мектепке 8311 білім алушының 3809 қамтылды.

12-23  тамыз аралығында 1 сыныпқа өтініш берген балалардың мектепке алғашқы бейімделуін ұйымдастыру, білім алуға деген қызығушылығын арттыру, білім беру ортасын құру мақсатында «Балақайлар мектебі»  жұмыс жасады. Балалар қауіпсіздігі басты назарда. Аудан бойынша персонал және білім алушылар (тәрбиеленушілер) саны 700-ге дейін 10 мектеп (№174,35,36,37,129,130,132,147), 700-ден асатын 7 мектеп (№35,36,37,129,130, 132,147) бар.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген нұсқаулығына сәйкес 17 мектепке жазбаларды сақтау мерзімі 30тәуліктен кем емес 525 бейнебақылау камералары (327 ішкі, 198 сыртқы) орнатылып,
11(№35,36,210,131,37,126,129,130,135,132,137) мектеп аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қосылды.

2023 жылы №117 бұйрығымен бекітілген нұсқаулық талабына сәйкес келмейтін 6 (139,42,44,147,174,191) мектепке жаңадан бейнекамера орнату үшін (әр мектепке 7200,0 мың теңгеден) облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып, 43200,0 мың теңге қыржы бөлініп, қазіргі таңда бейне бақылау жүйесін орнат жұмыстары жүргізілуде.

Персонал және білім алушылар саны 700-денасатын 7 мектеп заңсыз заттарды алып кіруге тыйым салатын металл іздегіш және кіріп-шығу турникетімен және лицензияланған күзет қызметімен қамтамасыз етілген (2023 жылы лицензияланған күзет қызметімен қамтамасыз ету үшін үнемделген қаржы есебінен 7 мектепке (№35,36,37,129,130,132,147) 7262,4 мыңтеңгеқаржы бөлінді)

2023 жылы кент орталығындағы №36,210,35 мектептердегі жұмыс жасамай тұрған камераларды ауыстыру және қосымша камера орнату үшін үнемделген қаржы есебінен 5638,0 мыңтг. қаржы бөлініп, №210 орта мектепке 27, №36 мектеп-лицейге 42 камера, №35 мектеп-лицейге 21 камера орнатылды.

2023 жылы (дабыл түймесі) орнату үшін 576 447теңгеден 9223,0 мың теңге қаржы қаралып,  білім алушылары мен персонал саны 300-ден асатын 16 мектепке дабыл беру құралы орнатылды. №174 мектепке ағымдағы жылы орнатылатын болады.

Турникет, асхана, кітапхана платформасын жүйелендіру бойынша Тереңөзек кентінде орналасқан №36 мектеп-лицейіне ағымдағы жылдың бюджетінен 1479,5 мың теңге үнемделген қаржы есебінен мемлекеттік сатып алу жұмыстары  жүргізілуде.

Н. Ілиясов ауылындағы Т. Айтбаев атындағы №132 орта мектебіне   ғимаратты күрделі жөндеуге 311 407  млн теңге қаржы бөлініп, Мердігер «Элитстрой»ЖШС жеңімпаз болып, қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде.         30 тамыз айында аяқталады деп күтілуде..

Жылу маусымына дайындық жұмыстары туралы да айта отырсаңыз?

Білім беру ұйымдары бойынша  қатты отынмен  8 білім беру ұйымдары, сұйық отынмен 17 білім беру ұйымдары және көгілдір газбен 11 білім беру ұйымдары жылытылады.

Қатты отын қорына 32540,2 мың теңге келісім шартқа отырылды  (2036,9 тн),

Сұйық отын қорына 271786,5 мың теңге келісім шартқа отырылды  (802694 литр)

Көгілдір отын қорына 33549,2 мың теңге келісім шарт жасалған.

Атап айтқанда, №130 мектеп, Нұрсаби, Балдырған, Алтын сақа балабақшаларына жылу қазандығына 9587,0 мың теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде.

Жылу қазандығы гарелкасына 129,137,174,191 мектептерге, Шіркейлі ауылындағы «Нұрбақыт» балабақшасына 5072,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргілуде.

174,191 орта мектептеріне генератор сатып алуға  614,0 мың теңге қаржы беріліп жұмыстар жүргізілуде.

Циркуляционный насосқа 35,36,37,42,129,147 мектептер және «Нұрсәби», «Алтын сақа» балабақшаларына  5135,4 мың теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілуде.

БӨЛІСУ