Сырдария ауданындағы сұйытылған газ құю бекеттеріне мониторинг жүргізілді.

Аудандағы сұйытылған газ бағасының негізсіз өсімі мен газ тапшылығын болдырмау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Сырдария ауданы бойынша 10 сұйытылған мұнай газын құю бекеті жұмыс істейді. Топ мүшелері бүгін Тереңөзек кентінде орналасқан газ құю бекеттерін аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында лимитсіз сатылуын және жеткілікті деңгейде жеткізу жөнінде түсіндірілді.

“Газ және газбен жабдықтау туралы” ҚР-ның 2012 жылғы 9 қаңтарындағы №532-ІV Заңына сәйкес, автогаз құю стансаларында сұйытылған газды тұрмыстық газ баллондарына құюға тыйым салынады» делінген. Тек арнайы рұқсаты бар газ толтыру бекеттері мен стансаларда газ құюға және толтыруға болады. Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пунктері өз кезегінде толтырылатын тұрмыстық баллондардың техникалық жарамдылық тұрғысын тексеруге және газ толтыру пункті иесінің тұрмыстық баллондарды тауарлық белгісімен таңбалауға міндетті. Сонымен қатар тұтынушыларға сатылатын тұрмыстық әрбір баллонның сапасына кепілдік талонын бере отырып, газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

БӨЛІСУ