Сырдария ауданының баспасөз орталығында, Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Өмірбаев және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг тақырыбы – «Қызылша, көкжөтел ауруының клиникасы, аудандағы эпидемиологиялық ахуалы, алдын алу шаралары туралы.
Брифинг барысында: қызылша, көкжөтел ауруының аудандағы эпидемиологиялық ахуалы, бұл аурулардың асқынуынан келетін қауіптері, аурудың алдын алу шаралары, қарсы екпе алу маңыздылығы туралы баяндалды.

Ағымдағы жылы облысымызда инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады.Бүгінгі таңда облыс тұрғындары арасында жалпы тіркеуге алынатын 99 инфекциясы түрінің 65-і  тіркелмеген, 26 нозологиясы бойынша аурушандық көрсеткіштерінің  төмендеу тенденциясы орын алды. Дегенмен, жыл басында облыс тұрғындары арасында бірқатар жұқпалы аурулар бойынша көрсеткіштер мамандардың алаңдаушылығын туғызды. Соның бірі қызылша ауруын атап өтсек болады. Бұл тек біздің өңірде емес, тек республика емес, тіпті бүкіл әлемде қызылшаның жағдайы күрделенген болатын. Оған басты себеп иммундалуға тиісті контингенттің уақытылы вакцина алмауы, сәйкесінше ұжымдық иммунитет әлсіреп, ауруға шалдығу жағдайлары жиілеген болатын. Ауру жұқтырғандардың 80% астамы екпе алмаған. Сондықтан жаппай қосымша иммундау шарасы іске қосылды. Бүгінгі күні 72690 адам қосымша иммундау аясында екпе алып, қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанып келеді. Дегенмен эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, вирус айналымын әлсірету үшін әлі де тиісті контингент екпемен қамтылып, қорғаныш қабілетін нығайтуы керек.

БӨЛІСУ