Сырдария ауданы бойынша елді мекенде орналасқан білім беру ұйымдарының арасындағы байланысты нығайтып, білім сапасын арттыру мақсатында Тереңөзек кентінінен негізгі 1 білім беру округы құрылып, №36 мектеп-лицей базасында жұмыс жасауда. Құрамына  кенттегі 3 мектеп, 5 балабақша, 1 өнер мектебі топтастырылды. Сонымен бірге, 13 ауылдық елді мекендерден негізгі білім беру округы арқылы 13  ауылдық елді мекенде шағын білім беру округтары  құрылды.

Оқыту сапасы мен мектеп қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз етуші негізгі тұлға-ол мектеп директоры.

Білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес, директорлардың  да үздіксіз дамуы қажеттігін айқындап отыр. Мектеп директоры -мектептің бас ұстазы.

Осы орайда, директорлардың  инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында  облыстық білім басқармасының  бастамасымен «Бір мектеп – бір жоба» байқауы ұйымдастырылды. Байқауда директорлар пәні бойынша  ашық сабақ көрсетіп, мектепті дамыту бағытындағы жобаларын қорғады. «Бір мектеп-бір жоба!» байқауы әрі қарай жалғасын тауып, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арасында өткізілді.

Басқару процесін ұйымдастыруда, оқу-білім беру процесін дамытуда және жалпы білім беруді ұйымдастыруда мектептің дамыту бағдарламасының маңызы зор.

Қазіргі таңда әрбір мектепте білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламалары мен нысаналы индикаторлары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Білім сапасын арттыру, білім алушылардың оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында білім басқармасының 2024 жылғы 13 мамырдағы №57-нқ бұйрығына сәйкес ата-аналардың келісімімен барлық мектептерде Жазғы мектеп 27 мамырдан бастап ұйымдастырылды. Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыруда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік ұсынымдары басшылыққа алынып жұмыс жасалуда.

Жазғы мектепке 8193 білім алушының 3809 қамтылды.

БӨЛІСУ