Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс өтіп, өзекті мәселелр талқыланды. Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ердәулет Жаукеев, құқық қорғау қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, кент және ауыл әкімдері қатысты.

Аудан басшысы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін күшейтілген жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Ауданда тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көптеген шаралар қолға алынуда. Тереңөзек кентіндегі Қ.Бөдеев көшесінің бойына 98 млн. теңгеге жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.

Алдағы уақытта аудан орталығында бірінші кезекте қажет ететін 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Оған бюджет көздерінен 300 млн. теңге бөлініп, жобалары әзірленді. Бірінші кезекте қажет ететін 5 көшеге аудандық бюджеттен бөлінген 163 млн. теңгеге жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады.

Демеушілікпен 452 млн.теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде, 66 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттар әзірленді, 340,7 млн. теңгеге инфрақұрылымды дамыту  жұмыстары атқарылса, 45 млн. теңгеге абаттандыружәне әлеуметтік көмектер көрсетілді.

БӨЛІСУ