Партияның аудандық филиалының мәжіліс залында «Баланы мектепке даярлайық» республикалық акциясы өтті. Шараға аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, аудандық мәслихат депутаттары А.Есназар мен А.Ибрагимұлы және аудан бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Л.Мығымбаева қатысты. Акцияға аудандық партия филиалына қарасты барлық бастауыш партия ұйымдарынан өкілдер қатысып, мектепке қажетті сөмке және құрал-жабдықтар үлестірілді.

Аудан бойынша жаңа оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде 8311 оқушы білім алады деп жоспарлануда. Egov.kz электронды порталы арқылы 789 бала 1 сыныпқа қабылданады. Биылғы оқу жылына 25 599 дана оқулық сатып алуға облыстық бюджеттен барлығы 81,7 млн. теңге бөлініп, мектептерге жеткізілген. Білім ошақтары ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, жаңа оқу жылына дайын.

Шарадан соң аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып бірқатар бастауыш партия ұйымдарына барып, мектеп оқушыларына құрал-жабдықтарын табыстады.

БӨЛІСУ