Сырдария ауданында күн санап кәсіпкерлікке ден қойғандардың қатары артуда. Бірі мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып тың идеясымен жаңа кәсіп бастаса, енді бірі дөңгелетіп отырған кәсібін одан әрі ұлғайтып, көкжиегін кеңейтуде. Мәселен, Тереңөзек кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер «Айша Строй» жетекшісі Мұрат Кулахметов 2023 жылы “Іскер” бағдарламасының “Өңірлік инвестициялық орталығы” микроқаржы ұйымы арқылы төмен пайызбен несие алып, Тереңөзек кенті орталығынан жаңадан ағаш өңдеу цехын ашқан болатын. Кәсіпкердің айтуынша, нарық болған соң, бәсекелістік әрқашан жоғары болады. Ең бастысы тұтынушыға сапалы тауарды ұсыну. Бүгінде жұмыс ауқымды болған соң 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оларға да жалақыны тұрақты төлеп отырғандығын айтты.

Жалпы биылғы бірінші жартыжылдықта 16,7 млрд. теңгеніңөнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артып отыр (2023 жылы
15,4 млрд. теңге).

Мемлекет басшысының бастамасымен халықтың табысын арттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға сырдариялықтар белсенділік танытуда.

Өткен жылы аудан бойынша «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 233,3 млн. теңгенің
23 жобасы қаржыландырылды.

Биылға «Ауыл аманаты» бағдарламасына аудан бойынша 2,7 млрд. теңгені құрайтын 444 жобажинақталды. Аталған бағдарламамен ауданға бөлінетін қаржы үлесі 335,3 млн. теңгені құрап, 27 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында ауданда құны 3млрд. теңгені құрайтын 249 жобағақаржылай қолдау көрсетілді.

Атап айтқанда, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында құны 28 млн. теңгенің 7 жобасықаржыландырылды (өңдеу – 3, қызмет көрсету – 3, ауыл шаруашылығы техникаларын алу – 1).

«Бірыңғай кешенді» бағдарламасы бойынша құны
1,3 млрд. теңгенің 33 жобасыекінші деңгейлі банктер тарапынан қолдау тапты (өңдеу – 6, қызмет көрсету – 19, мал шаруашылығы – 8).

«Ұлттық жоба» щеңберінде жаңа бизнес  идеяларды іске асыру мақсатында 139 адамға
205,2 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілуде (өңдеу, қызмет көрсету және мал шаруашылығы жобалары).

Анықтама ретінде: 2024 жылдың 6 айында 40 жоба қаржыландырылды.
2023 жылы 144 адамға 198,4 млн. теңге берілген.

«Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша құны 226,8 млн. теңгенің
38 жобасы (қызмет көрсету – 4, мал шаруашылығы – 30, егн – 4), «Кең дала» бағдарламасы бойынша құны 384,5 млн. теңгенің 7 жобасы (егін егу және жинау жобалары) қаржыландырылды («Кең дала» 3 жоба 18 млн. теңге, «Кең дала-2» 4 жоба 366,5 млн. теңге).

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамыныңҚызылорда филиалы арқылы құны 808 млн. теңгеге
25 ауыл шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды.

Жоғарыда аталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында қолдау тапқан жобалар бойынша 2024 жылдың 6 айында 80 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандардың қатарында Қалжан ахун елді мекенінде пескоблокөндірісі мен жылыжай қолға алынса, Қоғалыкөл ауылында көлік жуу және жөндеу орталықтарыжұмысын бастады.

БӨЛІСУ