Бүгін, 16 тамызда Қызылорда облысының әкіміНұрлыбек Нәлібаев жиналыс өткізіп, кәмелеткетолмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуфактісіне уақытында кедергі келтірмеген уәкілеттітұлғаларға қатаң шаралар қабылдаудықарамағындағылардан талап етті, деп хабарлайдыҚызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі атап өткендей, бірнеше күннен беріәлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпаратқұралдарында кәмелетке толмаған қыздыжезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенҚызылордадағы мектеп түлектерінің әрекетіталқылануда.

Аймақ басшысы бұл атышулы қылмыстан жарты жылға жуық уақыттан бері полиция департаментініңұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен қызғасабақ беретін мұғалімдер бейхабар болғанын қатаңсынға алды.

Әлеуметтік желілерде учаскелік полиция инспекторы мен мектептің ювеналды полиция қызметкері мәселеден хабардар болғандығы жөніндеақпарат тарады. Негізгі салғырттық осы қызметкерлерден басталған. Өздеріне бекітілгенаумақтағы ахуалды алдын– ала зерделеп, әртұрғынды бақылауы тиіс еді. Бірақ, ондай жұмысмүлде жүргізілмеген. Білім саласының мамандары да қызметтеріне немқұрайлы қараған. Мектепбасшылығы, педагогтер, мектеп инспекторы, өзміндеттеріңізді орындамағансыздар! Мектеппсихологі, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегіорынбасары және директор заң аясында қандай да бір нақты қадамға бармаған, – деді Н.Нәлібаев.

Облыс әкімі оқушының сабақтан жиі қалатынынатиісті мамандардың назар аудармағанын, ата-анасымен тиісті деңгейде профилактикалық жұмысжүргізбегенін, тек мәселені жасырып-жабуғатырысқандарын айтты.

Бүгіннен бастап №7 мектеп – лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологі, әлеуметтік педагогі, сынып жетекшілеріжұмыстан босатылсын. Қызылорда қаласы әкімініңосы салаға жауапты орынбасарына, қалалық білімбөлімінің басшысына қатаң сөгіс, бөлімнің тәрбиежөніндегі жауапты маманына жұмыстан босатушарасы қолданылсын. Білім басқармасыныңбасшысына өз міндеттерін тиісті деңгейдеорындамағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігітуралы ескерту беремін. Өзіне жүктелген міндеттітиісті деңгейде орындамаған мектеп инспекторы мен учаскелік полиция инспекторы, оны бақыламағанкәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналдыполиция бөлімшесі, қалалық полиция басқармасы мен облыстық жергілікті полиция қызметі ұйымдасқанқылмысқа қарсы күрес басқармасы тікелей кінәлі. Осы орайда, жауапты мамандардың жауапкершілігінқарап, қызметінен босатуға дейінгі кадрлықшешімдер қабылдансын. Қабылданған шешімдертуралы жұмыс аяғына дейін баяндаңыз, – дедіН.Нәлібаев.

Бала құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық уәкілЖақсыгүл Тоғановаға облыстың білім беру ұйымдарындағы жұмыстарға талдау жүргізіп, дереужұмыс тобын құру тапсырылды. Бұл ретте алдын алушараларын қолданып, қолайсыз отбасыларды жәнетәулікке жалға берілетін пәтерлерді аралау қажет екеніайтылды.

Аймақ басшысы оқиғадан зардап шеккен отбасынажан-жақты көмек көрсетуді, тергеудің барыншаобъективті жүргізілуін талап етті.

Қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарының объективті жүргізілуіміндеттеледі. Қылмысқа қатысы бар адамныңбарлығы заң аясында тиісті жауапкершіліккетартылатын болсын! Бұл мәселені тікелейбақылауымда ұстаймын, – деп түйіндеді НұрлыбекНәлібаев.

БӨЛІСУ