Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде ү.ж. 17 тамызы күні «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында оқушылардың мектеп формасының жәрмеңкесі өтеді.
Бұл жәрмеңкеге жергілікті «Ақжүрек мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, жеке кәсіпкерлер «Бибі-Айша» және «Zere» тігін цехтары және тағы да басқа кәсіпкерлер өз өнімдерін аудан тұрғындарына ұсынады.
Жәрмеңке Тереңөзек кенті Аманкелді Иманов көшесі бойындағы <<Серікбол>> сауда үйінің алдында өтеді.
Жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!