Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 10 жыл толуына орай сала қызметкерлері мен ардагерлерін қабылдады.

Мерекелік қабылдауда аудан басшысы сала майталмандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның салық базасын нығайту бағытындағы атқарып жатқан жемісті еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
– Мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкерінің қосқан үлесінің арқасында аудан бюджеті толықтырылып, экономикалық өсімі қамтамасыз етілуде. 2020 жылы аудандық бюджетке 1 млрд. 340,5 млн. теңге салық түсімі түсірілсе, 2023 жылы 2 млрд. 178,2 млн. теңге салықтық түсіп, соңғы 3 жылда салықтық түсімдер көлемі 837,8 млн. теңгеге көбейіп отыр. 2024 жылдың 1-ші жартыжылдығына жергілікті бюджеттің түсімдер болжамы 1 млрд. 384,3 млн. теңге болса, түсімдер 1 млрд 643,4 млн. теңгені құрап, жоспар 259,1 млн. теңгеге артық немесе 118,7 пайызға орындалды. Ал, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджеттің түсімдері 527,1 млн. теңгеге артық немесе 147,2 пайызға орындалды, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, аудан басшысы бірқатар сала үздіктерін «ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» төсбелгісімен, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Құрмет грамотасымен», облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, құттықтау тілектерін білдірді.

БӨЛІСУ