Құрылыс − ел экономикасы өсімінің басты драйвері. Кез келген мемлекеттің, қоғамның ілгері басуына оның құрылыс, сәулет саласына қарап баға беруге болады.
Бүгінде өңірде қазына қаржысынан бөлек демеушілердің қолдауымен де жақсы жұмыстар атқарылуда. Қызылорда қаласын абаттандыру және көркейтуге ерекше мән берілген. Бұл бағыттағы жұмыстар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Сырдария ауданында да жалғасуда.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен құны
174 млн. теңгеге Тереңөзек кентіндегі Аманкелді Иманов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.Осының аясында 15 көпқабатты тұрғын үй аулаларының жолдары асфальтталып, спорт алаңы, балалар ойын алаңы, демалыс орындары орнатылып, қолайлы жағдай жасалмақ.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 115 млн. теңгеге аудан орталығындағы «Тағзым» алаңы абаттандырылуда.
Оған қоса, кентке кіре берісте «Жастар аллеясы»салынып жатыр. Оған аудандық бюджеттен 85 млн. теңге бөлінді.
Бұдан бөлек, Тереңөзек кентіндегі Қ.Бөдеев көшесінің бойына 98 млн. теңгеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда.
Алдағы уақытта аудан орталығында бірінші кезекте қажет ететін 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Оған бюджет көздерінен 300 млн. теңге бөлініп, жобалары әзірленді.
Сонымен қатар, бірінші кезекте қажет ететін 5 көшеге аудандық бюджеттен бөлінген
163 млн. теңгеге жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады.
Ауданға бюджеттен тыс көздерден де қаражат тарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, демеушілікпен 452 млн.теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде, 66 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттар әзірленді, 340,7 млн. теңгеге инфрақұрылымды дамыту жұмыстары атқарылса, 45 млн. теңгеге абаттандыру және әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Ал, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына байланысты ауданда «Тереңөзек тазалығы»коммуналдық мекемесі ашылды. Мекемеге аймақ басшысының қолдауымен«Үлгілі елді мекен»байқауы арқылы 4 техника беріліп, көгалдандыру және санитарлық жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Бұл жұмыстарды мекемедегі 30 адам атқаруда. Осындай жұмыстар арқылы ауданда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау басты меже.