12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ор алық алаңда “Мүмкіндіктер алаңы” кеңес беру шарасы өткізілді.

 Іс-шараның мақсаты – қазіргі таңдағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың мүмкіндіктерін пайдаланып кәсіпкерлікті дамыту және жастардың сұранысындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету болып табылады.

 Шараға аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту орталығының, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

 Шара барысында сала мамандары кездесу өткізіп, жастардың көкейіндегі сауалдарды тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен баяндады.  Жұмыссыз жастармен адрестік жұмыстар жүргізіліп, оларға бағытталған мүмкіндіктер ұсынылды.

БӨЛІСУ