Елімізде тамыз айының екінші жексенбісі құрыш қолды құрылысшылардың кәсіби мерекесі ретінде аталып өтіледі.

Қазалыда мерекеге орай салтанатты шара өтіп, қазалылық құрылысшылар құрметке бөленді.

Әйтеке би кентіндегі «Grand hall» мейрамханасында өткен мерекелік шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып мәртебелі мамандық иелерін мерекемен құттықтады. Сондай-ақ жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, қазыналы Қазалы жерінің көркеюі жолында талмай еңбек етіп жатқан бірқатар құрылысшыларға облыс және аудан әкімінің, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының «Алғыс хатын» табыстады.

Салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов, ҚР құрметті құрылысшысы Әбдрасулла Жұбанбаев және тағы басқа бірқатар азаматтар құрылысшыларды мерекемен құттықтап, мерекелік лебіздерін жеткізді.

Мерекеге арнайы шақырылған сала ардагерлеріне аудан әкімінің арнайы сый-сияпаттары ұсынылды. Сондай-ақ құрылысшылар мен сала ардагерлерінің құрметіне Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

БӨЛІСУ