Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен Сырдария аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудан тұрғындары арасында жеке тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктілік талаптарын сақтай отырып салынуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын аудандардың инфрақұрылымына (35 га, 100 га) «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 1,3 млрд. теңге бөлініп, қиыршық тас және газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Мемлекет басшысының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, Тереңөзек кентінде құны 464,9 млн. теңгені құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау полигоны салынуда. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Биыл да аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарын жүзеге асырылмақ. Осы бағытта 2024 жылға 50 тұрғын жәй (100 пәтер) сатып алуға облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін  100 отбасы баспанамен қамтылмақ.

БӨЛІСУ