«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов облыстық, қалалық филиалдар жанындағы партиялық бақылау комиссияларының мүшелерімен бірге қаладағы бірқатар білім беру ұйымдары ғимараттарын жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Мектеп басшылары мониторингтік топқа жөндеу жұмыстарын таныстырып, жаңа оқу жылына дайындықтары туралы баяндады. Өз кезегінде партия филиалының төрағасы мердігерлерге бірқатар ескертулер жасап, олқылықтарды тез арада ретке келтіруді тапсырды.

“Жұмыстарды уақытында, сапалы бітіру қажет. Жаңа оқу жылына дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалып, балалардың білім алуына ешқандай кедергі болмауы қажет. Жөндеу жұмыстары аяқталып, талапқа сай тапсырылуын партия бақылауда ұстайды”,- деді төраға Алмасбек Есмаханов.

Айта кетейік, 2024 жылға арналған қаладағы № 222, 253, 211, 212, 217, аудандар бойынша Жалағаш №33, Жаңақорған №163, Сырдария №132 барлығы 8 білім беру ұйымдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

БӨЛІСУ