Мемлекет басшысы ең алдымен халыққа қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарды атқаруды тапсырды. Осы ретте, бірінші жартыжылдықта ауданда құрылыс және коммуналдық сала бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілді.

Негізінен, аудан аумағында жалпы ұзындығы
263,3 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар
(44 шақырымы – республикалық, 111,6 шақырымы – облыстық, 107,7 шақырымы – аудандық маңызы бар жолдар).
Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 1,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, 17,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстар жүргізілуде

Атап айтқанда, Тереңөзек кентінде 7 көше (3,6 км) Қоғалыкөл ауылында 6 көше (2,8 км), С.Сейфуллин ауылында 6 көше (3,3 км), Бесарық ауылында 4 көше (6,3 км) Қалжан ахун елді мекенінде 1 көше (1,8 км) жөндеуден өткізілуде.

Ауданда тозығы жеткен электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 1,6 млрд. теңгеге Шаған ауылындағы электр желілерімен жабдықтау жұмыстары аяқталса, Қалжан ахун елді мекенінде жұмыстар басталды.

Жобалар құны 1,1 млрд. теңгені құрайтын С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов елді мекендерін электрмен жабдықтауға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту – күн тәртібінен түскен емес.

Аудан тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

Дегенмен, ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында 486,7 млн. теңгеге 9,8 шақырым ауыз су құбырлары жаңартылуда. Атап айтқанда, Тереңөзек кентіндегі
10 көше (4,8 км) және Шаған ауылындағы 3 көшенің
(3 км) су құбырлары жаңартылды. Сондай-ақ, Аманкелді ауылындағы 3 көшенің (2 км) су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық бюджеттен бөлінген 21 млн. теңгеге Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі және Н.Ілиясов елді мекендеріне 4 су мұнарасы жаңадан орнатылуда.

Сонымен бірге, С.Сейфуллин, Іңкәрдария елді мекендерінде барлау пайдалану ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарына аудандық бюджеттен 118 млн. теңге қаржы бөлінді.

БӨЛІСУ