Мемлекеттің жарқын болашағы жастарды сапалы біліммен қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Аудан бойынша 52 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның ішінде, жаратылыстану-математикалық бағытта 5 инновациялық мектеп-лицей бар. Апатты жағдайда және 3 ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ.

2023-2024 оқу жылын 442 түлек мектеп бітіріп, олардың 365-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты (83 пайыз). Орташа балл – 83,2.
Ауданда 3-6 жас аралығында бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында биыл аудан орталығында 300 орындық жаңа мектеп құрылысы басталатын болады.

Мектеп құрылысы үшін аудан орталығындағы
45 апатты жағдайда деп танылған тұрғын жайлар орны нақтыланды. Сол арқылы апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мәселесі де тиісті деңгейде шешімін тапты. Бұдан бөлек, Н.Ілиясов елді мекеніндегі №132 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде.

Денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген 207,7 млн. теңгеге Тереңөзек кентіндегі аудандық аурухананың кәріз станциясы («Жанкент» ЖШС) және паллиативтік медициналық көмек көрсету ғимараты («Пульс» ЖШС) күрделі жөндеуден өткізілуде. Аталған жобалар жыл соңына дейін толық аяқталады.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен бөлінген
103 млн. теңгеге Аманкелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткізілуде (Мердігер – «Пульс» ЖШС).

Аймақ басшысының қолдауымен ауданға 6 жаңа санитарлық автокөлік беріліп, тұрғындарға медициналық көмек көрсету жұмыстары жақсаруда.

БӨЛІСУ