Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын аудандардың инфрақұрылымына (35 га, 100 га) «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 1,3 млрд. теңге бөлініп, қиыршық тас және газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Мемлекет басшысының «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, Тереңөзек кентінде құны 464,9 млн. теңгені құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау полигоны салынуда. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Біз биыл да аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарын жүзеге асырамыз. Осы бағытта 2024 жылға 50 тұрғын жәй (100 пәтер) сатып алуға облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін  100 отбасы баспанамен қамтылмақ.

Ауданды абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары – біздің басты назарымызда.

Көркейту-көгалдандыру жұмыстарына байланысты ауданда «Тереңөзек тазалығы» коммуналдық мекемесі ашылды. Мекемеге аймақ басшысының қолдауымен «Үлгілі елді мекен» байқауы арқылы техникалар беріліп, көгалдандыру және санитарлық жұмыстар күнделікті жүргізілуде.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен құны 174 млн. теңгеге Тереңөзек кентіндегі Аманкелді Иманов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осының аясында 15 көпқабатты тұрғын үй аулаларының жолдары асфальтталып, спорт алаңы, балалар ойын алаңы, демалыс орындары орнату жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген 461 млн. теңгеге аудан орталығында «Тағзым» алаңы қайта жаңғыртудан өткізілуде, «Жастар аллеясы» және 6 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда.

Біз ауданға бюджеттен тыс көздерден де қаражат тарту жұмыстарын жүргізудеміз. Атап айтқанда, демеушілікпен 452 млн. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде, 66 млн. теңгеге жоба-сметалық құжаттар әзірленді, 340,7 млн. теңгеге инфрақұрылымды дамыту жұмыстары атқарылса, 45 млн. теңгеге абаттандыру және әлеуметтік көмектер көрсетілді.

БӨЛІСУ