«ProRestTeacher» жас ұстаздарға арналған кәсіби демалыс жазғы лагері 30 шілде 1 тамыз аралығында Түркістан облысының «АҚСУ ДЕМІ» шипажайында өтті. Жас кәсіподақ көшбасшыларын анықтауға, кәсіподақ қозғалысында жастар саясатын дамытып, көшбасшылар мен белсенділерді тартуға бағытталған оң бастама Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен өтті.
Шараға Орталық комитеттің Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мамандары Индира Сақауова мен Асан Бітімбай қатысып, жас ұстаздарға Салалық кәсіподақ жанынан құрылған Жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметі туралы ақпарат беріп, тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Рекрутинг және мансап басқармасының бас маманы Асқат Мырзабай — «CHAT GPT – жасанды интеллект»; Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы — «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы»; Облыстық психологиялық қолдау орталығының басшысы Жұмагүл Баянова — «Балада дұрыс репродуктивті денсаулықты қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел, тренингтер өткізді.
Шараның жабылу салтанатында Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Есқалиева кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі – жастармен жұмыс болып табылатынын, кәсіподақ тарапынан жас кәсіподақ кадрларын даярлау және жас кәсіподақ көшбасшылары қатарынан кадр резервін қалыптастыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. Сөз соңында барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, Алғыс хаттар табыстап, белсенді қатысқан ұстаздарды арнайы номинациялармен марапаттады.
Атап айтар болсақ, әр ауданнан қатысқан жас ұстаздар өз тобын таныстыру кезеңі бойынша “СЫРДАРИЯ” ауданының жас ұстаздары Төлеген Піржан, Аманкелдиева Гүлзат, Сейтакбарова Оразкүл, Аманбеков Заманбек “ҮЗДІК ТАНЫСТЫРУ” номинациясын жеңіп алды.
Сонымен қатар барлығы 13 номинацияның ішінен
Төлеген Піржан “ШЕБЕР ҰСТАЗ”
Аманкелдиева Гүлзат “ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ” номинациясын иеленіп ауданымыздың мерейін көтерді.
Бұл оң бастама жас мамандарға жаңа таныстық, жаңа тәжірибе, жаңа леп сыйлады.