Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының қолдауымен мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданымызда жоспарланған ауқымды жұмыстар жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында тұрақты өсім сақталды.

Жыл басында аудан бюджеті 11 млрд. теңгеге бекітілсе, 6 айдың қорытындысымен 15,4 млрд. теңгені құрады.

Биыл есепті кезеңде аудан экономикасына тікелей ықпал ететін өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасып, өнеркәсіп өндірісі 51,5 пайызға (47 млрд. теңге) ұлғайса, өңдеу өнеркәсібі 8,5 пайызға (7,4 млрд. теңге) өсті.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға 37,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 66,5 пайызды құраса, 9500 шаршы метрді (108,4 пайыз) құрайтын тұрғын үй салынып, құрылыс жұмыстарының көлемі 65,7 пайызға (8,5 млрд. теңге) ұлғайды.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығы саласы бойынша
2,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артты.

Ауданда 34 253 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде, күріштің көлемі – 21 852 гектар (63,8 пайыз. 2023 жылы 23811 га, 1959 га артық).

Анықтама ретінде: жаздық бидай 2368 га, арпа 40 га, мақсары 391 га, күнбағыс 40 га, тары 4 га, жаңа жоңышқа 1853 га, ескі жоңышқа 6903 га, картоп, көкөніс бақша барлығы – 802 га.
Суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында аудан бойынша 13 шаруашылық құрылымы 31 дана заманауи лазерлік жер тегістегіш техникасымен 3340 гектар жерге тегістеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жаңбырлатып суару әдісімен 40 гектар жерге күнбағыс, 10 гектар жерге жүгері, 50 гектарға бақша дақылдарын орналастырып, күтіп баптауда.

Бүгінде егілген 2368 гектар бидайдың
1000 гектарынан 500 тонна өнім жиналды.
Ауданда 6 каналдың («Әйтек», «Оразбай», «Жетікөл Жарма», «Жас Қайрат», «Айжанкеткен», «Ақтам») 40,4 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табады.
Өздеріңіз білетіндей, екі жылдың көлемінде аймақ басшысының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақша дақылдарын егу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда 2023 жылы 359 гектар қосымша жер ашылса, биыл жер көлемі 420 гектарға дейін артып, 1125 адам әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін егіп, нәтижесін көруде.
Бақша дақылдарын егуде аудан жастары белсенділік танытуда. Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, А.Тоқмағамбетов елді мекендерінде жастар бригадалары 70 гектарға бақша дақылдарын екті.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында 6 мәрте ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкелерде «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан 105 тонна азық-түлік алынып, базар бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды. Бұл жұмыстарға аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары да атсалысты.

Біз ата кәсіп болған мал шаруашылығын дамытуды іске асыра береміз.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4, жылқы 13,3, құс 11,9 пайызға өсті. Тиісінше, ет (2%), сүт (0,6%) және жұмыртқа (0,2%) өндірісінде өсім қалыптасты.

Біз ата кәсіп болған мал шаруашылығын дамытуды іске асыра береміз.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 4,4, жылқы 13,3, құс 11,9 пайызға өсті. Тиісінше, ет (2%), сүт (0,6%) және жұмыртқа (0,2%) өндірісінде өсім қалыптасты.
Кәсіпкерлік саласын дамыту тұрақты назарда.

2024 жылдың 1 шілдесіне ауданда 2803 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді (2023 жылдың
6 айында 3322 тіркелген). Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2715 болып (2023 жылдың 6 айында
3197 тіркелген), үлесі 97 пайызды құрады (2023 жылдың
6 айында үлесі 96,2 пайыз).

Биылғы бірінші жартыжылдықта 16,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артып отыр (2023 жылы –15,4 млрд. теңге).

Мемлекет басшысының бастамасымен халықтың табысын арттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға сырдариялықтар белсенділік танытуда.

Өткен жылы ауданнан барлығы 1,5 млрд. теңгеге 193 жоба ұсынылып, бөлініс үлесі бойынша «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 233,3 млн. теңгенің 23 жобасы қаржыландырылды.

Биылға «Ауыл аманаты» бағдарламасына аудан бойынша 2,7 млрд. теңгені құрайтын 444 жоба жинақталды. Аталған бағдарламамен ауданға бөлінетін қаржы үлесі 335,3 млн. теңгені құрап, 27 жобаны қаржыландыру жоспарлануда.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында ауданда құны 3 млрд. теңгені құрайтын 249 жобаға қаржылай қолдау көрсетілуде.

Атап айтқанда, «Бірыңғай кешенді» бағдарламасы бойынша құны 1,3 млрд. теңгенің 33 жобасы екінші деңгейлі банктер тарапынан қолдау тапты (өңдеу – 6, қызмет көрсету – 19, мал шаруашылығы – 8).
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалы арқылы құны 808 млн. теңгеге
25 ауыл шаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтары алынды.

«Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша құны 226,8 млн. теңгенің
38 жобасы (қызмет көрсету – 4, мал шаруашылығы – 30, егн – 4),
«Кең дала» бағдарламасы бойынша құны 384,5 млн. теңгенің 7 жобасы (егін егу және жинау жобалары) қаржыландырылды («Кең дала» 3 жоба 18 млн. теңге, «Кең дала-2» 4 жоба 366,5 млн. теңге).

«Ұлттық жоба» щеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 139 адамға
205,2 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілуде (өңдеу, қызмет көрсету және мал шаруашылығы жобалары).

2023 жылы 144 адамға 198,4 млн. теңге берілген.
«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында құны 28 млн. теңгенің 7 жобасы қаржыландырылды (өңдеу – 3, қызмет көрсету – 3, ауыл шаруашылығы техникаларын алу – 1).
Жоғарыда аталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында қолдау тапқан жобалар бойынша 2024 жылдың 6 айында 80 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандардың қатарында елді мекендерде «Сыр құсы» ет өңдеу цехы (Бесарық), жүннен жасалған бұйымдар өндіру цехы (Айдарлы), пескоблок өндірісі, жылыжай, көлік жуу (Қалжан ахун) және жөндеу орталықтары (Қоғалыкөл) бар.

БӨЛІСУ