ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов Сырдария ауданына сапары барысында «Әйтек» су торабының жұмысымен танысты.
Сырдария өзеніндегі «Әйтек» су торабы 2004 жылы «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы (САРАТС-1) аясында салынып, пайдалануға берілген. Негізгі мақсаты – Сырдария өзенінің ағынын реттеуге, Сырдария және Жалағаш аудандарының 16 мың гектар суармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету. Су торабының су өткізу қабілеті 750 м3/с құрайды.
Бүгінде Шардара су қоймасынан Сырдария арнасына 650,0 текше метр су жіберілуде, оның 185,0 текше метр суы «Қызылорда су торабы» арқылы, 105,0 текше метрі «Әйтек» су торабы арқылы және «Қараөзек» арнасы арқылы 25,0 текше метр су жіберілуде.
Сырдария ауданы бойынша 2023 жылы 36043 га жерге егін егілсе, ал 2024 жылы барлығы 33747,5 га жерге күріш, бидай және бақша өнімдері егілді.
Мәжілісменмен бірге аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып және тиісті сала басшылары шараға қатысты.