Бүгін аудан әкімі Б.Сәрменбаев аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері және Саяси кеңес мүшелері алдында есеп берді. Фракция отырысын аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды. Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды:

1. Партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберіндегі жол картасының Сырдария ауданында орындалу барысы туралы;
2. Аудан әкімі Б.Сәрменбаевтың сайлаушыларға берген уәделерінің орындалу барысы туралы;
Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, аудан әкімі Б.Сәрменбаевқа сөз беріліп, баяндама жасады. Аудан басшысы өз есебінде партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы жол картасында 2024 жылы орындалуға тиіс 45 іс-шараны жекелей баяндап, орындалу барысын толық атап өтті. Сонымен қатар, өзінің сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына тоқталды. Аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға толық тоқталды. Мәселен көшелерді асфальттау, жаяу жүргіншілер жолын салу, тұрғын үйлер құрылысы, газдандыру, электрмен қамту, бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысы және абаттандыру мәселелері жөнінде толық мағлұмат берді. Берік Әбдіғаппарұлы фракция мүшелеріне алдағы жоспарларымен бөлісіп, баяндамасын аяқтады.
Отырыс қорытындысымен тиісті қаулы қабылданды.

БӨЛІСУ