99215 әскери бөлімі (аумақтық қорғаныс) барлық санаттағы әскери қызметшілердің қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс шарасы өткізілді.
Аталған іс шарада, жеке құрам арасында билікті асыра пайдалану, жарғылық қарым-қатынас қағидаларын бұзу, Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылығы, Есірткі заттарының заңсыз айналымы, Лудомания, Суицид, Діни экстремизмдік алауыздықты алдын алу және “Жылдамдық туралы ойлан!” айлықтары аясында тақырыптарымен Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Б.Дәуренқұлов құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп сабақ өткізді. Қызылорда гарнизоны қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Б.Дәуренқұлов әскери ортада құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, нөлдік төзімділік принципін ұстануға шақырды. Осындай іс шараларды жоғары деңгейде жүргізудің арқасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджі көтеріліп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық деңгейі күрт төмендегенін атап өтті.
2024-07-30