Биыл Қызылорда облысының 39 ауылдық елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберіндегі 69 жобаны жүзеге асыруға 11 млрд. теңге қаралды.

Жыл басынан бері 5,6 млрд теңге игерілді. Атап айтсақ, білім саласында 2, денсаулық саласында 1, мәдениет саласында 4, спорт саласында 8 жоба жүзеге асуда.

Мұнан бөлек, электрмен қамту бойынша 14, газдандыру бойынша 1, ауыз сумен қамту бойынша 2 жоба қолға алынбақ. Көлік инфрақұрылымы саласында 35, абаттандыру саласында 2 жоба бар.

Жоспар бойынша 36 жоба биыл аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Олар – дәрігерлік амбулатория және медициналық бекетті, 2 спорт кешенін салу, 3 медицина мекемесін күрделі жөндеу, электрмен қамтудың 4, ауыз сумен қамтудың 1, білім беру нысанын күрделі жөндеудің 2 жобасы және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 26 жоба..

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және бюджет көздерінен 8 елді мекенде 51 көше (Тереңөзек кенті – 32 көше, ұзындығы – 18,5 км; Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған, Іңкәрдария – 19 көше, ұзындығы – 11,4 км) асфальттанып, ел игілігіне берілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 99 пайызы, ауылішілік жолдардың 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетті.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында
1,5 млрд. теңгеге Аманкелді, Айдарлы, Жетікөл және Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлары толық жаңартылды.

Аудан тұрғындары  орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Дегенмен, ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында
704,5 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді, Қоғалыкөл, Шаған ауылдарында 14,2 шақырымды құрайтын су құбырлары жаңартылуда. Бұл жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізе береміз.

Сонымен бірге, Тереңөзек, Шаған, Іңкәрдария, С.Сейфуллин елді мекендерінде 5 су мұнарасыжаңадан орнатылды.

Атап өтетін жағдай, аудан орталығы табиғи газбен толық қамтамасыз етілсе, елді мекендерде газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 330,6 млн. теңгеге Қалжан ахун ауылына газдандыру жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Нәтижесінде, ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету 35 пайызға жетті.

Сондай-ақ, 2023 жылы С.Сейфуллин мен А.Тоқмағамбетов ауылдарында газдандыру жұмыстары басталып, биыл табиғи газға қосылады деп жоспарлануда. Осы жұмыстар жүзеге асқанда ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 43 пайызды құрайтын болады.

Ауданда өткен жылы құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Оның ішінде, тұрғын үймен қамтамасыз етуде нәтижелі жұмыстар атқарылды.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»бағдарламасы аясында бюджет көздерінен 796,8 млн. теңгеге Тереңөзек кентінен жапсарлас 80 тұрғын үй сатып алынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Жетікөл елді мекенінде 3 бөлмелі 2 тұрғын үй құрылысына аудандық бюджеттен 30,4 млн. теңге бөлініп, көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады.

БӨЛІСУ