Бүгінде сырдариялықтар ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына ерекше ынта білдірген. Аудан тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрыңғы ісін кеңейтуге қа­жет­ті қаржысын алып, бағдарлама аясында кәсіп бастап, өз ісін өрістетуде.

Осы орайда, «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алып, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетіп отырған кәсіпкер Қалжан ахундық Өмірхан Бержанов. Бүгінде кәсіпкер фибробетонмен полифасадты өндіру (пескоблок) арқылы жаңа бастаманы пайдалы кәсіпке айналдырып үлгерген. Кәсіпкер бағдарлама аясында алынған қаржатқа қажетті престеу және құю өндірісіне арналған қалыптар, кәсіби плиталар, станоктар және шикізаттар сатып алып, 4 адамды жұмыспен қамтыған. Қуаты күніне орта есеппен 40 шаршы метр блок өндірілуде.

Кірпіш блоктар қазір ең көп таралған құрылыс материалдарының бірі. Құрылыстың жаңа стандарттары бойынша бұл материалдар кірпішке қарағанда экономикалық тұрғыдан да тиімді. Тұрғындар аз қабатты үйлердің ішкі бөлмелерінің қабырғаларын қалауға және жер телімін айналдыра қоршауға пайдалануда.
Тұтынушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты, жұмысы өнімді, жылдам қаланатын түрлі қалыптағы кірпіштер шығаруда. Қазіргі таңда толық көлемде жұмыс жасап тұрған цехтың тұтынушылар саны да артқан.

БӨЛІСУ