Ағымдағы жылдың 10-11 шілде күндері дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру бойынша аудан тұрғындары арасында кездесулер өткізілді. Кездесулер республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен ауданында түрлі контингенттерді қамти отырып өткізілді.

Атап өтер болсақ, ауданға қарасты С.Сейфуллин, Қалжан Ахун, Шаған ауылдық округтерінің тұрғындарымен, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, спор пен денсаулық саласының қызметкерлері, жастар өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Кездесулерде Бақтияр Есенгелдіұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм және оның қоғамға әсері, радикалданудың факторлары, қазақы салт-дәстүрмен шариғат талаптарының үндесуі туралы әңгіме қозғап, отбасы құндылығы, ата-ананың балаға берер тәрбиесі бойынша ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

БӨЛІСУ