Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елінде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасының мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды.
Төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға еліміздің ең мықты спортшылары аттанып, ел намысын қорғамақ. Байрақты бәсекеге аттанған үздіктердің қатарында қазалылық Абылайхан Жұбаназарда бар.
– Біз сіздерге зор үміт артамыз. Бүкіл халқымыз – сіздерге жанкүйер. Жалпы, қазақ спорт мектебінің мәртебесі қашанда биік. Спортшыларымыз әрдайым елге жүлдемен оралып жүр. Осы даңқты жолды абыроймен жалғайсыздар деп сенемін. Шын мәнінде, сіздердің жеңістеріңіз тұтас Қазақстанның жеңісі болмақ. Көк туымыз желбіресе, ұлтымыздың рухы асқақтайды, – деді Мемлекет басшысы спортшылармен кездесуде.
Айта кетейік, бүкіл әлем асыға күтетінін дүбірлі дода да қазалылық спортшы дзюдодан 81 келі салмақта бақ сынап, еліміздің намысын қорғамақ.