Бүгін аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде бірқатар су саласы ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдап, құттықтады.

– Елімізде су шаруашылығы мамандығының маңызы ерекше. Елдің су ресурстарын есепке алумен, оларды ластану мен сарқылудан қорғау жұмыстарымен айналысып, су арқылы әрбір үй мен кәсіпорынға тіршілік нәрін беріп келеді.
Сырдария ауданының тұрғындарына және шаруашылық құрылымдарға су жеткізу ісіндегі қажырлы еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Ауданның өсіп-өркендеуінде Сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз зор. Осы орайда су шаруашылығында қызмет етіп жүрген баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймын, — деді Талғат Мейрамханұлы.

Сонымен қатар сала мамандарына аудан әкімінің алғысы хаты табысталды.

БӨЛІСУ