Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жалағаш ауданы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың, Жалағаш кенті және елді мекендердегі ішкі көшелердің кепілдік мерзімі бойынша қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу ескертілді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кенті және ауылдық окрутердегі абаттандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Жазғы мезгілде халық көп шоғырланатын орталық алаңдар, саябақтар мен ойын алаңдарының тұрғындарға қолайлы болуын ескертті.

Сала бойынша жауапты аудан әкімінің орынбасарларына Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар мен алдағы міндеттерді уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау қажеттігін айтты.

БӨЛІСУ