Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, “Шаған ауылдық округі әкімі аппаратының” Шаған ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай “Қазағымның мұрасы сен – Домбыра” атты аудандық жас домбырашылар байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа, өнерсүйгіш жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды анықтап, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін арттыру. Байқауға 10-14 жас аралығындағы клуб және мәдениет үйі жанынан құрылған домбыра үйірмесінің өнерпаздары қатысты. Байқауға қатысушы талапкерлердің өнерін мәдениет және өнер саласының ардагері Сарыбаев Өмірбек /қазылар алқасының төрағасы/, Сырдария аудандық өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Кенжебаев Мейрамбек /Қазылар алқасының мүшесі/, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық Консерваториясының түлегі, аудандық өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Қилымханов Абылайхан саралады.
Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлде – Көзейбай Дәулетхан /Айдарлы ауылы/
І орын – Кеңесбайқызы Еркежан /А.Тоқмағамбетов ауылы/
ІІ орын – Жаханша Бағдәулет /Аманкелді ауылы/
ІІ орын – Ертаев Ерсұлтан /Шаған ауылы/
ІІІ орын – Бекболатова Жансая /Н.Ілиясов ауылы/
ІІІ орын – Құрманғазы Әбілғазы /Шіркейлі ауылы/
Алғыс хатпен Еділ Айзере /Бесарық ауылы/, Шәкірбек Мансұр /Қоғалыкөл ауылы/, Нұрболатұлы Ерсұлтан /№37 мектеп-лицейі жанынан құрылған домбыра үйірмесінің мүшесі/, Несіпбай Ерасыл /Іңкәрдария ауылы/, Орынбасар Еңлік /С.Сейфуллин ауылы/ марапатталды. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

БӨЛІСУ