Бүгінде Арал ауданында тоған шаруашылығы да қарқынды қолға алынып келеді. Қазірді өзінде ауданда жалпы саны 10-ның үстінде тоғандар бар. Бұл соңғы 3 жылдың нәтижесі. Онда өсіріліп жатқан балық өнімдері уақыт өте теңізге жіберіліп, сол арқылы балық шаруашылығы саласын жандандыру жұмыстары қолға алынуда. Сондай шаруашылықтардың бірі Аманөтел ауылы маңындағы «АРАЛ РЫБТОРОГ» ЖШС-нің жобасы.

Жоба ағымдағы жылдың маусым айында іске қосылып, тоғанға 7 млн. 700 дана тұқы балықтары жіберілді. Сонымен бірге, алдағы уақытта тоғанның ауданын 25 га дейін ұлғайтып, жылына 15-20 млн. шабаққа арналған инкубациялық цехты орнату жұмыстары басталатын болады. Аманаттық депутаттар осы шаруашылықтың тоған алқабында болып, жетілген балық шабақтарын көлге жіберу сәтіне куә болды. Сонымен қатар Арал ауданының ауыл шаруашылығы саласының 2022-2024 жылдарға арналған даму жоспарының жол картасымен танысты.

Мұнан соң ауыл сыртындағы «Ескі арна» каналына барды. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Сырдария өзені арнасымен мол су және сең өту барысында Аспай су ағытқысы жанындағы Ескі арнаның сағасы өздігінен жырылып кеткен болатын. Бүгінде  қайта бөгеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Фракция мүшелері осы жұмыстарға қанығып, келешек аудан аумағындағы жайылымдық жерлері суландыру және көлдерді толтыру жұмыстарына оң әсер ететін бастамаларға сәттілік тілеп, Аралда нәтижелі жұмыстардың барына тоқталды.

БӨЛІСУ