Тереңөзек кентіне қарасты «Майжарма» су арнасының бойында керемет кеш өтті. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «6 шілде – Қазақстан Республикасының Астана күні» және «Ұлттық домбыра күні» мерекесі аясында «Өлке болып оқимыз» жобасы негізінде ақын Әбіраш Жәмішовтің шығармашылығына арналған «Сөз теңізден маржан сүйген» атты позия кеші көп көңілінен шықты.
Тағылымы мол кеш барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева көпшілікті қос мерекемен құттықтады. Өз кезегінде аудан тұрғындары өнерпаздардың өнерін тамашалап, кітап көрмесіне қанықты. Сонымен қатар ақын Әбірәш Жәмішовтің шығармашылығын аудандық кітапханалар жүйесі мен балалар кітапханасының ұжымы кеңінен насихаттады. Бұл ретте, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, мәдениет саласының майталманы Жантемір Айсин кеш жөнінде пікір білдірді.
Ерекше мазмұнға ие кеште аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «Қаламы жүйрік қаламгерлер» сұхбат сағаты жобасы кітапхана оқырмандары, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Шаһарбек Нұрсейіт пен аудармашы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Бақтияр Мырзашпен емен-жарқын әңгіме өрбіді. Кітапхана қызметкерлері жиналған жұршылықа театрландырылған қойылым ұсынды. Балалар жырдан шашу шашты. Әдеби лото кезінде кітап оқырмандары сұрақтарға жауап беріп, сыйлық ұтып алды.
Жергілікті кәсіпкерлер өз өнім көпшілікке жарнамаласа, қолөнер шеберлері ерекше туындыларын таныстырды. Ал жастар мен жасамысқа керемет көңіл сыйлаған поэзия кеші караокеде ән шырқаумен аяқталды.
