Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі 2024 жылдың жоспарына сәйкес 2 тоқсандағы күн тәртібінде:
«Жер қатынастары, ауылшаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған шаралар туралы» ауданның ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Серік Сейдуалиев және «Жергілікті бюджеттің жоспарлануы мен игерілуі және коммуналдық меншікті басқару барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар туралы» ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбеков хабарлама жасады.
Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның бірлескен отырысының күн тәртібінде:
«Салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар және ішімдікке, есірткіге тәуелді тұлғалармен атқарылған жұмыстардың барысы туралы». Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Арысбаева, «Үкіметтік емес ұйымдармен және да жастар арасында құқық бұзушылықтарға қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы» аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Орынбасаров, «Кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалған қылмыстардың (топтық төбелес, жыныстық тиіспеушілік, қаңғыбас иттердің тістеуі, ойын алаңдары мен спорт алаңдарының сапасы және т.с.с) алдын алу, болдырмау бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесі және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарлары» аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев және Қызылорда облысы білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нарымбет Көлжанов «Аудан көлемінде орын алып жатқан алаяқтық (оның ішінде интернет алаяқтары) ұрлық және қоғамдық орындарда орын алып жатқан қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесі және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар туралы» аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев хабарламалары тыңдалып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

БӨЛІСУ