Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларынан бастап интернет жылдамдығы төмен 41 елді мекендегі мектептерге «StarLink» жерсерікті байланыс технологиясы қосылды.

«StarLink» жерсерікті байланыс технологиясы Қазақстан Республикасының Президентінің 2023 жылғы 5 қазандағы «Білім беру саласының өзекті мәселелері туралы» Республикалық педагогтер съездінде берілген 1 тапсырмасының 8 және 11 тармақшалары аясында жүргізіліп. ҚР ОАМ және ЦИАӨМ министрліктерінің бірлескен бұйрығы негізінде «Starlink» технологиясының құрылғысы мен қызмет көрсетуші «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ болып танылды.

Қызылорда облысының әкімдігі мен мәслихат төрағалығымен желіге қажетті қаражатты бөлініп, Арал ауданының 16 елді мекенге, Қазалы ауданының 6 елді мекенге, Қармақшы ауданының 3 елді мекеніне, Жалғаш ауданының Далдабай ауылына, Шиелі ауданының 9 елді мекенге, Жаңақорған ауданының 5 елді мекеніне және Қызылорда қаласының Махамбет ауылындағы №268 мектебіне «StarLink» технологиясын қосуға қаржы бөлінді.

«StarLink» жерсеріктік технологиясы SpaceX компаниясының өнімі болып табылады және интернет жылдамдықтың жоғары жылдамдығы 250 және 300 Мб/с құрайды.

Аталған технологияны қолдана отыра білім алушыларға әлемнің барлық білімін алуға үлкен септіктерін тигізеді деген үміттеміз.

БӨЛІСУ