Жас мамандарға алғашқы сыныптық шен табысталды.

Бүгін облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы түлектерінің ант қабылдау және оларды қызметке тағайындау мен алғашқы сыныптық шен беру шарасы өтті.

Жаңадан тағайындалған 9 маман алғашқы еңбек жолын аудандардағы прокуратурадан бастайтын болады. Жиында сөз алған облыс прокуроры жас қызметкерлерге сәттілік тіліп, жетістікке жету мен биік шыңдарды бағындырудың жалғыз кілті білім мен ізденісте, еселі еңбекте екендігін жеткізді.

«Қызметте өсіп, жақсы маман болу үшін төменнен, яғни ауданнан бастау керек. Жақсы көрсеткіштерге жеткен маман белгіленген талаптарға сәйкес ауданнан қалаға, облыстық аппаратқа ауыстырылып, қызметте жоғарылатылады.
Тек биік белестерді бағындырып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе берулеріңізге және қандай қиындық кездессе де мойымай, өздеріңіздің таңдап алған салаңыздың кәсіби маманы болуларыңызға тілектеспін»,-деді Р.Ожаров.

БӨЛІСУ