Мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуы мен сыбайластықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда мемлекет қаржысын белгіленген мақсатқа сәйкес нәтижелі жұмсалуы және жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарын саралау үшін облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің жауапты басшыларының есебі тыңдалды.

Бүгін есеп берген басқарманың миссиясы: өңірдің қоршаған ортасын қорғау саласын басқару, экологиялық жағдайды жақсартуға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай табиғатты қорғау саясатын қалыптастыру болып табылса, экология департаментінің негізгі міндеттері – жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жасау, табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне зертханалық талдау-бақылау жүргізу болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлық бар жерде әділетті қоғам орната алмайтынымыз анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әділетті Қазақстанды құру үшін адам құқығы мен заң үстемдігі мәселесін алға қойды. Осыны басты назарға алып, жұмыс істесек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алсақ, оны жеңе алатынмызға күмән жоқ. Біздің де негізгі міндет — қызметтегі неғұрлым сыбайластыққа «жақын» салаларды анықтау және бақылау, сол арқылы құқық бұзушылыққа жол бермеу»,- деді барлық жұмыстарды саралай келе жиынды қорытындылаған Кеңес төрағасының орынбасары Дәурен Шәріпбаев.

БӨЛІСУ