2024 жылғы 24 маусымнан 28 маусымға дейінҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағыӘйелдер істері және отбасылық-демографиялықсаясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауыменұйымдастырылған Репродуктивті денсаулықапталығы өтеді.

Іс-шараның мақсатыхалықтың репродуктивтіденсаулығының маңыздылығы туралыхабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтыннасихаттау.

Ерлер мен әйелдердің репродуктивтіденсаулығын қорғау жағдайларын жасауға қатыстыміндеттер Қазақстан Республикасында 2030 жылғадейінгі отбасылық және гендерлік саясатты дамытутұжырымдамасында белгіленген.

Репродуктивті денсаулық апталығыжасөспірімдердің репродуктивті денсаулығыныңмаңыздылығы, жоспарланбаған жүктілікті жәнежыныстық жолмен берілетін инфекцияларды(ЖЖБИ) болдырмау әдістері туралы төменхабардарлығы, АИТВ инфекциясы мен ЖЖБИ-діңтаралуының өсуі, сондай-ақ жатыр мойны қатерліісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдыналу қажеттілігі сияқты мәселелерді шешугебағытталған.

Апта аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, денсаулық сақтау орталықтарында ашықесік күндері, жасөспірімдерге арналған тегінмедициналық тексерулер мен кеңестерұйымдастырылады.

Акцияға мемлекеттік органдар, халықаралықұйымдар, ҮЕҰ және медиа тұлғалар белсендіқатысады. Негізгі мақсатты аудитория – жастар мен жасөспірімдер, репродуктивті жастағы ерлер мен әйелдер, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен білім беру қызметкерлері.

Репродуктивті денсаулық апталығырепродуктивті денсаулық туралы сенімді ақпараталудың, білікті мамандарға сұрақтар қоюдың, тексеруден өтудің және салауатты болашаққа қадамжасаудың бірегей мүмкіндігі.

БӨЛІСУ