Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Н.Ілиясов ауылындағы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектепке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Үш қабатты мектептің ішін аралап, мердігер мекеме өкіліне жұмыстарды сапалы атқаруды айтты.
Білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстарына 293 млн. теңге бөлінген. Бұл жұмыстарды «МКК Элит Строй» ЖШС атқаруда. Бүгінде ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Берік Әбдіғаппарұлы жөндеу жұмыстарын сапалы және оқу жылы басталардан ерте аяқтауды ескертті.
Ауданда 3-6 жас аралығында бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасыаясында биыл аудан орталығында 300 орындықжаңа мектеп құрылысы басталатын болады.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Н.Ілиясов ауылында жаңадан дәрігерлік амбулатория (405 млн. теңге)пайдалануға берілсе, Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетов, Қалжан ахун ауылдарындағы фельдшерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтті (182,4 млн теңге).
Оған қоса, Аманкелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталды. Жалпы құны 103 млн. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары биыл аяқталады.