Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі евро қоршау материалдарын өндіретін шағын цех жұмысымен танысты.
Жеке кәсіпкер Шакизат Байділдаев өткен жылдан бастап өз қаражаты есебінен шағын цех ашып, әртүрлі евро қоршау материалдарын өндіруді қолға алған.Бүгінде ол аудан халқының сұранысын қамтамасыз етуде. Жалпы, шағын цехта тәулігіне 15-20 метр түрлі қоршаулар өндіріледі.
Аудан басшысы мұндай инновациялық жобаларға қолдау көрсету керектігін атап өтті. Кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін кеңейтуге мүмкіндік мол екенін жеткізді. Ш.Байділдаев биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз грант тетігіне қатысуға ниетті екенін білдірді.