Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Әдеп кодексі нормаларын бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Департаменттің Әдеп жөніндегі өкілі Талғат Сердалиев баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы туралы, қарапайымдылық пен тәрбиеліліктің жоғары үлгісін көрсетуі тиіс екендігін еске салды.
Ұжымдағы ұйымшылдық пен ауызбіршілік жұмыс нәтижелілігіне тікелей әсер етеді, сондықтан ұжымда қолайлы моральдік-психологиялық ахуалды қалыптастырудың маңызы айтылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер тарапынан қандай да бір заңбұзушылықтардың алдын алу қажеттігі, заңнамада көзделмеген қандай да бір сыйлықтар, ақша, материалдық игіліктер алуы Әдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы өрескел бұзу болып табылатындығын, заңсыз материалдық сыйақы ұсынғаны үшін жеке тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі атап өтілді.