Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Альменаева Райхан Өмірзаққызы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 8D01517-«Биология» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде «Биология мұғалімдерін даярлауда мобильді технологияларды қолдану негізінде кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.
Отандық ғылыми жетекшісі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Құрманбаев Рахат Хамитұлы, шетелдік ғылыми кеңесшісі А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Андреева Наталья Дмитриевна.
Зерттеу жұмысына диссертациялық кеңес мүшелері мен ресми рецензенттер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Биофизика, биохимия, нейроғылым» кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Тлеуханов Сұлтан Тлеуханұлы және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы, философия докторы Нұрғалиева Айман Қалидуллақызы жоғары баға берді.