Бүгін басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Жалағаш, Сырдария аудандарындағы “Жалын”, “Ақтерек” жазғы тынығу лагерлерінің жұмысымен танысып, демалушы жас жеткіншектермен кездесті.

“Жайдары жазда балаларымыздың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін біз барлық жағдайларды жасаудамыз. Лагер қабырғасында өтіп жатқан жазғы демалыстарыңыздың әрбір күні естен кетпестей қызықты сәттерге толы болсын. Тынығу лагерінде жаңа достар тауып, ауызбіршілік пен ынтымақтастықта болыңыздар, жас достар!” – деп жылы лебізін жеткізді.

Мұнымен қоса балаларға демалыс уақытында кітап оқу, қолөнер туындыларын жасау, шығармашылықтарын шыңдау, түрлі спорттық сайыстарда белсенділік көрсетіп, таным көкжиектерін кеңейту бойынша жұмыс жасауға кеңес берді. Сондай-ақ, тынығу лагеріндегі балаларды жан-жақты дамыту бағытындағы атқарылып жатқан бастамаларға оң баға берді.

Асқарбек Темірбекұлы сонымен бірге аталмыш лагерлердің баланың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарын бақылап, тамақтану шараларын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

БӨЛІСУ