Бүгін өңірлік коммуникация орталығында басқарма басшысының орынбасары Қали Бектұр Асанханұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтырып, демалысын, бос уақытын дұрыс өткізуге бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық «2024-2026 жылдардағы жазғы демалыс кезінде балалардың сауықтыруын, демалысын, бос уақытын өткізуге бағытталған іс шаралар жоспарымен» бөлісті.

Жоспарға сәйкес білім басқармасы барлық сыртқы тынығу лагерьлеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 15-17 сәуір күндері білім басқармасы жанынан жұмысшы тобы құрылып (Полиция,сэс, төтенше департаменттері, білім, денсаулық басқармалары), барлық сыртқы тынығу лагерьлерінің дайындығы пысықталып, лагерь қызметкерлеріне көшпелі семинар ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 17 мамырда «Балаларды сауықтыру ұйымдарында балалардың қауіпсіз демалысын, тамақтануын, медициналық көмек пен сауықтыру шараларын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Шараға төтенше жағдайлар департаменті, санитариялық эпидемилогиялық бақылау департаменті, денсаулық сақтау, полиция департаменті барлығы 65 қызметкерлері қатысып, практикалық сабақтар көрсетілді.

Облыстағы 8 сыртқы тынығу лагерлері мен орталықтардың барлығы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен қорытынды актілерін алды. Төтенше жағдайлар департаментімен өртке қарсы жағдайдың, суға жүзудің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар апта сайын тұрақты жүргізілуде.
Алдағы аптада санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жазғы тынығу лагерьлеріне тамақтанудан улану, санитариялық жағдайларын қадағалап, алдын алу бойынша профилактикалық зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың денсаулығын қамтамасыз етуде денсаулық сақтау басқармасы тарапынан лагерлер мен орталықтарға қажетті медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Дәрігер мен медбикелер оқушыларға жаз мезгілінде ішек аурулары, тағамнан улану, түрлі жарақаттың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруда.

1 маусымнан бастап барлық мемлекеттік 7 лагерь мен орталықтар, 12 маусымнан Қызылорда қаласындағы жеке «Зерентай» лагері жұмыс жасауда. Қазіргі таңда барлық 8 лагерьде 1922 бала тынығуда. Бүгінгі күнгі 261 мектеп жанынан күндізгі тамақпен, 290 мектеп жанынан күндізгі лагерде барлығы 92 918 бала қамтылуда.

БӨЛІСУ