Аудан бойынша сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында, мониторинг және өндіруші немесе көтерме бағаға қойылатын үстемақыларының 15 пайыздан асырмау қажеттігін және үстемақы асқан жағдайда айыппұл салынатындығы жөнінде аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді тобы кезекті түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қосымша Сырдария аудандық бойынша кірістер басқармасының маманы сатып алушы тауардың құнын төлеген соң, Салық кодексімен айқындалған тәртіпте бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін талап етуге құқылы екендігін және сатушы бақылау-касса машинасының фискалды түбіртегін беруге міндетті екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасын тауып, азық-түлік қоры мен бағаларын қатаң бақылауда болып, тиісті мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыратын болады.

БӨЛІСУ