Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен бірқатар өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде ауыл әкімдері күнделікті өзі қызмет ететін аймағында тұруы, бюджеттің игерілуі мен кірістер болжамдарын орындау, санитариялық тазалық мәселесі қозғалды.

Алдымен аудан басшысы ауылдық округ аумағындағы қоғамдық – саяси ахуалды қадағалау, дала өрттерін болдырмау, жазғы демалыс уақытында оқушылардың қараусыз қалып, рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, оқыс оқиға орын алмауын, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін кент, ауыл әкімдері өзі қызмет ететін аймағында тұруы керектігі жөнінде қатаң тапсырма берді.
Сондай ақ, мал ұрлығы, кәмелетке толмаған балалардың бейберекет жүруі және қоғамдық тәртіп үнемі қадағалану қажет екендігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі бюджеттің игерілуі мен кірістер болжамдарын орындау, қосымша салық көздерін қарастырып, өткен жылдардан қалған берешектердің толық өндірілуін қадағалауды тапсырды.
Келесі кезекте санитариялық тазалық жағдайына қатысты «Таза Қазақстан – таза аймақ» атты экологиялық акциясы жалғасын табатындығын, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті екендігін түсіндірді.

Мәжіліс соңында күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша аудан әкімі орынбасарларына, кент, ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.

БӨЛІСУ