Ағымдағы жылдың 17 маусымында Қызылорда облысының әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Жаханов Бахыт Дүйсенұлының төрағалығымен Қызылорда облысы аумағында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс – шаралар барысын пысықтау мақсатында жұмысшы топтың кезекті отырысы өткізілді.
Мәжіліске жұмысшы топтың мүшелерімен қатар селекторлық желіде барлық қала және аудандар әкімдерінің орынбасарлары және облыс аумағындағы өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме “Авиакомпания Дельта-Юг” ЖШС-нің директоры қатысты.
Ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін мониторинг және фитосанитариялық іс-шаралар, облыс көлеміндегі фитосанитариялық күрес жұмыстарын ұйымдастыру барысы, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін мониторинг және маусымдық өңдеу жұмыстарына жұмылдырылған техникалар туралы және бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар жайында инспекция басшысы Оразбаев Мұхтар Әуесұлы баяндап өтті.
Жиналыс барысында атқарылатын іс-шаралар кеңінен талқыланылып, облыс әкімінің орынбасары тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Облыс аумағындағы зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық шаралардың сапалы және мерзімінде атқарылуы инспекцияның басты назарында.