Жазғы демалыс басталысымен ересектер мен балалар көп уақытты су жағасына барып демалып, суға түседі. Өкінішке орай, олардың басым көпшілігі жағажайда өзін ұстау ережелерін, берілетін ұсынымдар мен салынатын тыйымдарды естерінен шығарып жатады. Сақтық шараларын дер кезінде сақтамаудың салдарынан, су жағасындағы қарапайым демалыс – өміріңіздегі ең қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін.
Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі негізгі ережелерді орындап, есте сақтаған жөн:
– тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
– судың тазалығына және тереңдігіне мұқият болыңыздар;
– тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;
– жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
– шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
– жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
– көпірден немесе басқада жерлерден суға секірмеңіздер;
– түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
– су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар, оларды бақылаңыздар.
– суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.
Сондықтан суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда Сізге және Сіздің жақындарыңызға су жағасындағы демалыс пайдалы және жағымды болады.