Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» аясында қайтарымсыз грант қаражатын алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар баршылық. Солардың бірі Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер “МАДИЯР”. Ол мемлекеттік қолдауға ие болып, қайтарымсыз грант алып, шағын құмблок цехын ашты.

— Мен өзімнің қолымнан келетін осы сүйікті ісімді кәсіпке айналдыру мақсатында «Бастау Бизнес» жобасына жазылып, кәсіпкерлік негіздерін оқыдым. Бизнес-жоспар әзірлеп, сертификат алдым. Құмблок шығару туралы жобамды сәтті қорғап, осы 2022 жылдың жазында 2,9 млн.теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткіздім. Грант қаражатына Алматы қаласынан арнайы құмблок шығаратын станогын, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алып, жұмысқа кірісіп кеттім, — дейді жеке кәсіпкер. Қазіргі таңда 8 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер құмблок өнімін қолжетімді бағада сатылымға шығарып, үзіліссіз тапсырыс қабылдауда.

БӨЛІСУ